Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

 

Филология институты

Қазақ әдебиеті кафедрасы

 

 

ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті пәні бойынша дайындалған

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

 

Тобы: Фи-06-1к1,2.  3-курс.

2 кредит, 300 сұрақ.

Тест сұрақтары кафедра мәжілісінде қаралып, талқылаудан өтіп, бекітілді.

 

№2хаттама.«18»қыркүйек.2008жыл.

Шымкент-2008

 

 

 

Нариман Жұмашұлы Нұрпейісов

 

 

Қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960 жылдар) пәнінен дайындалған

 

ӘДІСТЕМЕЛІК  НҰСҚАУ

 

Шымкент-2007

                                                                                                                                                                                   Ф.4.7.-008-03

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

 

М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

 

Филология институты

 

Қазақ әдебиеті кафедрасы

 

Нариман Жұмашұлы Нұрпейісов

 

 

Қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960 жылдар аралығы) пәнінен дайындалған әдістемелік нұсқау

050205-филология және 050117 қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарында оқитын студенттерге арналған

Оқытудың түрі: күндізгі және сырттай.

 

 

 

Шымкент-2007

ӘОЖ 811.512.122.367.4.

 

Дайындаған:  Н.Ж.Нұрпейісов.  Қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960 жылдар аралығы) пәнінен дайындалған әдістемелік нұсқау

Шымкент: М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті. 2007

 

Әдістемелік нұсқау филология институтының  050205-филология және 050117 қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарында күндізгі және сырттай  оқитын студенттерге арналған.

 

Әдістемелік нұсқауда қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960 жылдар аралығы) пәні бойынша практикалық сабақ және студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстардың орындалуына қойылатын негізгі талаптар қарастырылған.

         Пікір жазғандар: Сыздықов К. ф.ғ.д. профессор.

                                      Оразалиев С. Ф.ғ.к. доцент.

 

М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Филология институтының қазақ әдебиеті кафедрасының әдістемелік кеңесінде қаралып баспаға ұсынылған.

 

                            № 1 хаттама, 27 тамыз, 2007 жыл.

 

 

М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2007.

Нұрпейісов Н.Ж.

 

І. Практикалық сабақтарының мақсаты мен міндеттері.

Практикалық сабақтарының алдына қойған басты мақсаты – лекциялық сабақта берілген басты-басты теориялық тұжырымдарды терең және тиянақты түсіндіру.

Практикалық сабақтың міндеті – лекцияда берілген материалдарды жете түсіну, одан әрі нақтылай түсу, қазақ әдебиетінің тарихы пәні бойынша алған білімдерін практикалық тұрғыдан пайдалана білу. Сонымен қатар практикалық сабақ өткізудің алдына қойған ең басты міндеттерінің бірі – білім алушылардың өз пәндері бойынша алған теориялық білімдерін нығайта отырып, өз мамандығы бойынша ұғым-түсінігін жан-жақты қалыптастыру. Әдебиет пәнінің жанрлық ерекшеліктерін терең түсіну, әдебиеттердің байланысын білу, сол сияқты білім алушылардың көркем әдебиетті қаншалықты меңгергенін, дәлірек айтқанда көркем шығармаларды оқыған немесе оқымағанын анықтай түсу.

ІІ. Практикалық сабақтың мазмұны.

Практикалық сабаққа дайындық барысында студенттер өздеріне қажетті әр алуан теориялық дерек көздерін жан-жақты игеруге дағдыландыру, сонымен бірге өзінің кәсіби мамандығы қазақ тілі мен әдебиеті пәндеріне сай қажетті ғылыми, зерттеушілік және көркем әдебиеттерін оқуға дағдыландыру, мамандығына деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.

Практикалық сабақ қамтитын негізгі мәселелер.

Практикалық сабақты өткізу барысында қамтылатын негізгі мәселелер студенттердің өз мамандығына және өз пәніне деген қызығушылығын арттыра түсу, лекция барысында алған теориялық білімдерін тереңдете түсу. Сонымен қатар алған білімдерін мектеп бағдарламаларына сай қосымша оқыта отырып, өздерінің негізгі мамандықтарына сай тиянақты бағыт-бағдар беру.

ІІІ.Техникалық құрал жабдықтар.

1.     Үлестірмелі материалдар.

2.     Суреттер, портреттер.

3.     Арнайы плакаттар.

4.     Кітаптар, анықтамалықтар, энциклопедиялар, сөздіктер т.б.

ІҮ. Сабақты өткізу тәртібі.

Практикалық сабақтардың қамтитын мәселелері сан алуан болғандықтан сабақ өткізу үлгісі де әлденеше бағытта жүргізіледі. Әрбір өткізілетін практикалық сабақ ізденуші студенттердің өз бетімен ойлауына, ізденуіне қозғау салатын болу керек. Практикалық сабақты өткізудің мақсаты өзінің тиісті нәтижесін беру үшін ол сабақтарды да әлденеше формада өткізуге болады, ондай үлгіде сабақ өткізу студенттердің қызығушылығын арттыра түседі. Атап айтқанда практикалық сабақтарды төмендегідей үлгілерде өткізуге болады:

                   Семинар – дөңгелек стол

                   Семинар – диспут

                   Семинар – сын сабағы

                   Семинар – ойын сабағы

                   Семинар – саяхат сабақ

                   Семинар – пікірталас т.б.

Ү. Практикалық сабақтардың сұрақтары.

1.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің жай-күйі, дамуы туралы түсінік.Поэзия, драматургия, прозаның дамуы.

2. Ж.Жабаевтың қазақ әдебиетіне қосқан үлесі. Ақынның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы өлеңдері. Айтыс өнерінен алар орны.Дастандарындағы патриоттық сезімдер.

3.Иса Байзақовтың өмірі мен шығармашылығы, қазақ поэзиясына қосқан үлесі, поэмалары, «Құралай сұлу» поэмасының тарихи мәні.

4. М. Әуезовтің өмірі, шығармашылық өнері, қайраткерлік қызметі. Қазақ прозасын, драматургиясын дамытуға қосқан үлесі. «Абай жолы» роман-эпопеясының әлем әдебиетінен алар орны, романның тарихи ерекшелігі, образдар жүйесі, көркемдік мәні, жазушы шеберлігі.

5. С. Мұқановтың өмір жолы, шығармашылық өнері. Өлеңдері, поэмалары, «Сұлушаш» поэмасының көркемдігі. Жазушының қазақ прозасына қосқан үлесі, романдары. «Адасқандар», «Ботакөз» романдарының тарихи мәні, жетекшілік ролі.

6. Ғабит Мүсіреповтің шығармашылық өмірбаяны, алғашқы кездегі әңгімелері. Жазушының ана тақырыбындағы шығармалары. «Қазақ солдаты», «Оянған өлке», «Жат қолында» т.б. романдарының қазақ әдебиетінен алар орны, ерекше сипаттары, шеберлік қырлары, образдар сомдау тәсілдері

7. Ғ. Мұстафиннің өмірі, шығармашлығы,қайраткерлік қызметі. Алғашқы кезде жазған әңгімелері. «Шығанақ», «Миллионер» романдарындағы еңбек адамдарының бейнесі, образ жасау шеберлігі. «Дауылдан кейін» романының тарихилығы, көркемдік ерекшелігі.

8. Ғ.Ормановтың өмірі мен шығармашылығы, қазақ поэзиясына қосқан үлесі. Ақынның поэмалары, «Шәуілдір» атты поэмасының көркемдік мәні, композициясы.

9. Т. Жароковтың өмірі мен  шығармашылығы, ақыннның эпикалық көлемді шығармалары, поэмалары. «Тасқын», «Тасқынға тосқын» т.б. поэмалары.

10. Х. Есенжановтың өмірі шығармашылық мұралары, «Ақ Жайық», «Көп жыл өткен соң» т.б. романдарының маңызы, әдебиеттен алар орны.

11. Қасым Қасым Аманжоловтың өмірі, шығармашылық өнері, қазақ поэзиясына қосқан үлесі. Ақынның поэмалары,  «Ақын өлімі туралы аңыз», «Құпия қыз», «Жамбыл тойында» т.б. поэмаларының қазақ поэзиясына үлесі.

ҮІ. Студенттерге ұсынылатын бақылау сұрақтары

1. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің жай-күйі, дамуы туралы түсінік.

2.Поэзия, драматургия, прозаның, публицистиканың дамуы

3. Ж.Жабаевтың қазақ әдебиетіне қосқан үлесі. Ақынның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы өлеңдері.

4. Айтыс өнерінен алар орны.Дастандарындағы патриоттық сезімдер.

5.Иса Байзақовтың өмірі мен шығармашылығы, қазақ поэзиясына қосқан үлесі,

6. Ақынның поэмалары, «Құралай сұлу» поэмасының тарихи мәні.

7. М. Әуезовтің өмірі, шығармашылық өнері, қайраткерлік қызметі. Қазақ прозасын, драматургиясын дамытуға қосқан үлесі.

8. «Абай жолы» роман-эпопеясының әлем әдебиетінен алар орны, романның тарихи ерекшелігі, образдар жүйесі, көркемдік мәні, жазушы шеберлігі.

9. С. Мұқановтың өмір жолы, шығармашылық өнері.Өлеңдері, поэмалары, «Сұлушаш» поэмасының көркемдігі.

10. Жазушының қазақ прозасына қосқан үлесі, романдары. «Адасқандар», «Ботакөз» романдарының тарихи мәні, жетекшілік ролі.

11. Ғабит Мүсіреповтің шығармашылық өмірбаяны, алғашқы кездегі әңгімелері. Жазушының ана тақырыбындағы шығармалары.

12.«Қазақ солдаты», «Оянған өлке», «Жат қолында» т.б. романдарының қазақ әдебиетінен алар орны, ерекше сипаттары, шеберлік қырлары, образдар сомдау тәсілдері.

13. Ғ. Мұстафиннің өмірі, шығармашлығы,қайраткерлік қызметі. Алғашқы кезде жазған әңгімелері. «Шығанақ», «Миллионер» романдарындағы еңбек адамдарының бейнесі, образ жасау шеберлігі.

14. «Дауылдан кейін» романының тарихилығы, көркемдік ерекшелігі

15. Ғ.Ормановтың өмірі мен шығармашылығы, қазақ поэзиясына қосқан үлесі.

16. Ақынның поэмалары «Шәуілдір» атты поэмасының көркемдік мәні, композициясы

17. Т. Жароковтың өмірі мен  шығармашылығы, ақыннның эпикалық көлемді шығармалары, поэмалары. «Тасқын», «Тасқынға тосқын» т.б. поэмалары.

18.Есенжановтың өмірі шығармашылық мұралары, «Ақ Жайық», «Көп жыл өткен соң» т.б. романдарының маңызы, әдебиеттен алар орны.

19. Қасым Аманжоловтың өмірі, шығармашылық өнері, қазақ поэзиясына қосқан үлесі.

20. Ақынның поэмалары,  «Ақын өлімі туралы аңыз», «Құпия қыз», «Жамбыл тойында» т.б. поэмаларының қазақ поэзиясына үлесі.

ҮІІ. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулар.

Сөж –тақырыптарына немесе тараулары бойынша:

1. Тарауда немесе тақырыпта кездесетін анықтамаларды айқындау, қысқаша (0.5беттен аспайтын) эссе жазу.

2. Тақырып бойынша әдебиеттерден, интернеттен алынған материалдар негізінде қысқаша түсініктеме жазу (1-2бет).

3. Глоссарий жазу - ұғымдар мен терминдер анықтамасын түсіндіріп жазу.

4. Презентация – таңдаған тақырыбы бойынша студенттің өз ойын, пікірін, дүниетануын білдіруі және оны қорғауы. Презентация тақырыпты қалай айқындауы, ашуы, қызықтыруымен бағаланады (8-10 минут).

5. Іскерлік ойын – болашақ мамандығына қажетті дағдыларды қалыптастыру мақсатында келешек мамандығында атқаратын жұмыстарын ойын ретінде белгілі рольде, топта ойнау (алдын-ала дайындалу керек).

6. Айқындап, жағдайды үйрену, нақты жағдайларда қойылатын сұрақтарға өз ойынша жауап беру немесе жауаптарды өзінше жобалау.

7. Топтық жоба – 4-5 студенттен құралған топтар оқу материалы бойынша оқу жобаларын жасап, оларды қорғайды. КТК (КВН) түрінде өткізуге болады.

8. Жеке жоба – маңызды және өте қызық ғылыми зерттеулер нәтижелері, жетістіктерді қамтитын баяндамалар білім деңгейі жоғары студенттер ұсынысы бойынша тақырыпқа сәйкес жасалады.

9. Тақырып бойынша өзін-өзі тексеру сұрақтарына ауызша жауап беру (10-15минут). Жауаптар тақырып қалай ашылғандығына және басқаларды қалай қызықтырғанына байланысты бағаланады.

10. Жазба жұмыстары модуль бойынша рейтинг бақылау сұрақтарына жазба түрде жауап жазу.

11. Тестілер тақырып соңында студенттердің білім деңгейін анықтау үшін 5минутта өткізілетін тест сұрақтары.

12. Рефераттар мен баяндамалар. Студент немесе студенттер таңдауы бойынша  пән тараулары тақырыптарын оқып үйреніп, талдау жасап, өзінше қорытынды шығару.

13. Пікір – студенттер бір-бірлерінің рефераттарына талдау жасап, өз пікірлерін жазуы.

14. Шығармашылық жұмыс – студенттер өз бетінше өлең, шығарма. әңгіме үлгілері, публицистикалық еңбектер, новелла, эссе үлгісіндегі еңбектер жазып, шығармашылық қабілеттерін, дарындылық қасиеттерін көпшілік алдында таныту, ашу.

         Студенттердің білім деңгейіне байланысты тапсырмаларды жеңілдету немесе күрделі етіп отыруға болады. Мәселен, барлық студенттерге кейсті талдау тапсырылса, дайындығы, білім деңгейі жоғары (1-2студент) студенттерге кейсті жазуға тапсыруға болады. Барлық СӨЖ тапсырмалары уақытында тапсырылуы қажет, уақытында тапсырылмаған тапсырмалар төмендетіп бағаланады (әрбір тапсырмадан кешіккен күніне 0.1 балл алып тастау).

         СӨЖ ұйымдастыру үшін:

-         СӨЖ тапсырмаларын студенттерге семестр басында беру;

-         Ағымды және межелі бақылау түрін дайындау;

-         СӨЖ кеңесінің уақытын белгілеу.

Студенттерден

А) СӨЖ тапсырмасының уақытында орындалуы;

Ә) белгіленген уақытта тапсыруды;

Б) СӨЖ-ге үлкен жауапкершілікпен қарауды талап ету қажет.

СӨЖ-ді іске асыруға арналған жоғарыдағы ұсыныстар мен интерактивті әдістерді қолдану арқылы студенттердің білім деңгейін көтеруге болады. Интерактивті әдістер студенттің:

         - Тыңдау және өзара қарым-қатынасын;

         - Басқаға жанашырлық таныту, жанкүйерлік қабілетін дамыту;

         - Көзқарасын дамытуды және түсінуді;

         - Белгісіз сұрақтарға жауап тауып, белгілі мәселелерді шешуді;

         - Аналитикалық ойлау және өз ойын талдауды қалыптастырады.

ҮІІІ. Студеттерге ұсынылған оқу-әдістемелік әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. Қаратаев М., Нұртазин Т., Қирабаев С. Қазақ совет әдебиеті. Оқулық. – Алматы: Мектеп, 1971.

2. Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Оқулық. –Алматы: Білім, 1993.

3. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Оқулық. –Алматы: Санат, 1975.

4. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Оқулық. –Алматы: Санат, 1997.

5. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Оқу құралы. –Алматы: Санат, 1994.

6. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. Оқу құралы. –Алматы: Білім, 1998.

7. Бисенғали З.К. казахская проза начало ХХ века. Учебное пособие. –Алматы: Қазақ университеті, 2002.

8. Дәдебаев Ж.Д. Қазіргі қазақ әдебиеті. Оқу құралы. –Алматы: Қазақ университеті, 2002.

   9.  Қазақ  әдебиетінің  тарихы.  3 том. 6 кітап. А., Қазақ  ССР  Ғылым  Академиясының  баспасы.  1962 – 1967 жылдар.

  10.  Қазақ  совет  әдебиеті  тарихының  очеркі.  А.,  Қазақ  ССР  Ғылым  Академиясының  баспасы.  1958 жыл.  -512 б.

11.   Қазақ  әдебиеті.  Энциклопедиялық  анықтамалық.  А.,  «Аруна»,  2005.  -576 б.

         12.   Қазақ  совет  әдебиетінің  мәселелері.  А., Ғылым  Академиясының   баспасы.  1960.-224 б.

13  Қазақ  әдебиетінің  тарихы.  Он  томдық.  7-8 – томдар.  Кеңес  дәуірі (1917-1940), (1941-1956).  А.,  «ҚазАқпарат»,  2004.  -462-520 б.б.

         14. Қазақ  әдебиеті.  Энциклопедия.  А., «Білік», 1999.  750 б.

          15.   20 – 30  жылдардағы  қазақ  әдебиеті.  А., «Ғылым»,  1997.  -512 б.

          16.   40 – 50  және  60  жылдардағы  әдебиет.  А.,  «Ғылым»,  1998.-400 б.

          17.   Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. А.,«Санат»,1997.  -928 б.

         18  Мүсрепов  Ғ.  Таңдамалы. Үш  томдық.  А.,  «Жазушы».  1980.  – 544б

          19.   Мұстафин  Ғ.   Бес  томдық  шығармалар  жинағы.  А.,  «Жазушы».  1981.  – 384 б.

Қосымша әдебиеттер:

1. Келімбетов  Н. Шығыстың классикалық поэзиясы және қазақ әдебиеті. А., 1962

       2.  Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері. А., 1967       

       3. Әуезов  М.  Әр  жылдар  ойлары.  А.,  Қазақтың   мемлекеттік  көркем  әдебиет  баспасы.  1959.  -556 б.

       4.  Әбілғазы. Түрік шежіресі./ауд.Әбілқасымов Б./ А., 1992

       5.  Бердібаев Р. Кәусар бұлақ. Зерттеу. А., 1989

  6. Келімбетов Н. Тарихи шежірелерді әдебиет сабағында оқыту туралы. Алматы, 1973

       7.  Қыраубаева А. Ғасырлар мұрасы. Зерттеу. А., 1988.       

       8. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет.  А., «Ғылым», 2001. -448 б.

       9.  Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. А., «Білім», 1995. 288 б.

       10. Ескі түркі жазба ескерткіштері туралы зерттеулер./жинақ/ А., 1983.

      11. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш.//шығармалары.А., 1989.

      12.Бекбергенов  М.  Ғабит  Мүсіреповтың  прозасы.  А.,  «Рауан»,  1990.  -152 б.

      13.  Сманов  Б.  Ғ. Мүсірепов  шығармашылығын  оқыту.  А.,  «Білім»,  2002. -108

       14.Кәкішев  Т.  Сәбең  әлемі.  А., «ҚазАқпарат», 2000. -272 б.

       15.  Сәбит  Мұқанов – классик.   А., «Қазақ  университеті», 2000. -160 б.

       16.  Кәдімгі   Сәбит  Мұқанов.  А., «Жазушы»,  1984. -392 б.

       17.  Ергөбеков  Қ.  Сәбит  Мұқанов. А., «Мектеп», 1989. -144 б.

       18.  Ергөбеков  Қ.  Жан  жылуы.  А.,  «Жалын», 1981. -136 б.

       19.  Дәдебаев  Ж.  Ғабиден  Мұстафин.   А., «Мектеп», 1989. -92 б.

       20.  Дәдебаев  Ж.  Мұқтар  Әуезов.  А.,  «Рауан», 1991. -80 б.

       21.  Жұмабеков  С.   Ғабит  Мүсірепов.  А., «Мектеп», 1989. -120 б.

       22.  Ғабит Мүсірепов және әлемдік әдеби процесс. А., «Ғылым»,2003.402б.

        23.  Нұрпейісов  Н.  Е.  Ысмайылов  және  қазақ  әдебиетінің  кейбір  мәселелері.  Шымкент.2005.